ШЖҚ «Хромтау орталық аудандық ауруханасы» МКК

 

Ақтөбе облыстық
Денсаулық сақтау басқармасы

 

ГКП на ПХВ «Хромтауская центральная районная больница»

 

Управления Здравоохранения  
Актюбинской области

Байланыстар

031100, Республика Казахстан,
Актюбинская область,
Хромтауский район, г. Хромтау,
проспект Абая,11
Тел.: 8 (71336) 2 32 39

Статистика

256124
Пользователей сегодня:Пользователей сегодня:146
Пользователей за месяц:Пользователей за месяц:3881
Пользователей всего:Пользователей всего:256124

Біз туралы

Хромтау ауылында  25 төсек-орынға арналған аурухана 1957 жылға дейін хирургиялық, босану, терапиялық бөлімдерінен тұратын  бір қабатты мекемеде орналасты.  Штат 3 дәрігерден құралды.


1957 жылы  75 төсек-орынға арналған аурухана қалашығының бас корпусы эксплуатацияға тапсырылды. Бұл- толық жабдықталған типтік жобадағы  екі қабатты мекеме. 1958 жылы инфекциялық бөлім ашылғандықтан, стационар 125 төсек-орынға дейін көбейді. Бас дәрігер болып Холодинов Георгий Демьянович қызмет жасады. 1957 жылы көптеген сұрақтардың шешімін табумен қатар, хирургиялық қызметтің дамуына аса көңіл бөлген В.Я.Жук бас дәрігер ретінде тағайындалды. Кейінірек бас дәрігер болып фтизиатрлық қызметтің дамуына көп үлесін қосқан А.Н.Наубетиярова тағайындалды. 1963 жылы бас дәрігер қызметін П.А.Андриященко атқарды.


1967 жылы Хромтау ауылы аудандық орталыққа айналды. Бас дәрігер болып Қуатжанов Амир Қуанышұлы тағайындалды.
1986 жылы Хромтау қаласында  Шамров Владимир Иванович басқарған заманауи жабдықталған біртұтас ауруханалық кешен құрылды.
1995-1997 жылдары аралығында аудандық аурухананы Узганов Қуаныш Узбаевич басқарды.
1997 жылдан 2012 жылға дейін Хромтау орталық аудандық аурухананың бас дәрігері болып Козбагаров Қалихан Есбосынұлы тағайындалды.
2012 жылдың желтоқсан айынан бастап аудандық аурухананы Көптілеуов Жексенби Аккабылұлы басқарды.
2014 жылдың желтоқсан айынан бастап бас дәрігер болып Исаев Рүстем Канапияұлы тағайындалды. Ақтөбе облысы әкімінің 29.12.2010ж. №415 қаулысына сәйкес, «Хромтау орталық аудандық аурухана» МҚКК – «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ШЖҚ «Хромтау орталық аудандық ауруханасы» МКК болып қайта құрылды.


Заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркелу  бұйрығы №5 2011 жылдың 21 қаңтарында берілді.
Қазіргі уақытта аурухана Хромтау ауданының 42355 тұрғынына қызмет көрсетеді, оның ішінде ересек тұрғындар – 28970, 14 жасқа дейінгі балалар саны 11444, жасөспірімдер саны – 1941.
Хромтау ауданының тұрғындарына медициналық көмекті ауысымда 30 төсек-орындық күндізгі стационары  бар  262 келіп қаралуға арналған емхана, 68 төсек-орындық стационар, 30 төсек-орындық күндізгі стационары  бар 5 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт және ауылда 17 медициналық пункт көрсетеді.


Қазіргі уақытта аурухана келесідей бөлімдерден тұрады:

  • 17 төсек орындық терапиялық бөлім;
  • 12 төсек орындық хирургиялық бөлім;
  • 17 төсек орындық балаларға арналған бөлім;
  • 18 төсек орындық босану бөлімі.

Сонымен қатар 3 балалар инфекциялық төсек-орыны және 1 ересектерге арналған инфекциялық төсек-орыны бар.
Келесідей қосалқы кабинеттер бар: рентгенофлюорографиялық, физиотерапевтикалық, клинико-диагностикалық зертхана, функционалды диагностика кабинеті.
Ауруханада зерттеудің зертханалық-рентгенологиялық әдісі, электрокардиография, құрсақ аймағын ультрадыбыстық зерттеу, электроэнцефалография, реовазография, спирометрия, фиброгастродуоденоскопия әдәстері қолданылады.


Аурухана басшылығы «КРФ-111» жылжымалы флюоромобильді материалдық базасын, УК-лазері, эндоскопиялық және лапроскопиялық аппаратын, жаңа туылған нәрестелерге SLE – 5000 және «CpAP» ЖӨЖ аппаратын, ультрадыбыстық диагностикалау аппараттарын, электрокардиографтарды, электрокардиофакстарды, «Ардиагност-8» рентген кешенін, маммограф, заманауи биохимиялық, бактериологиялық, клиникалық зертханаларды, «Hyundai» фирмасының реанимобилінің материалдық базасын дамытуға  зор  үлесін  қосуда. Жаңа туылған нәрестелер үшін фототерапия және SLE – 5000 жасанды өкпе желдеткіші, реанимацияға арналған Baby-therm үстелі, Olympus SV – V1 және Karl Storz эндоскопиялық аппарат видеосы пайдалануға берілді.


Хромтау қаласының ауруханасында дәрігерлер саны 3-тен 48-ге дейін, орта буын медициналық қызметкерлер саны – 5-тен 165-ке дейін артты. Ауруханада  4 дәрігер жоғары категориялы, 4 дәрігер бірінші категориялы, 1 дәрігер – медицина ғылымдарының кандидаты бар. Ұжымда 4 дәрігер – «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау үздігі», «үздік медбике» лауреаттары жұмыс жасайды. Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында медициналық персонал республикалық жоғарғы оқу орындарында арнайы курстардан өтеді.


Хромтау орталық аудандық ауруханасы ҚР ДСМ «Бүгін үздігі сен, ертең - барлығы» жобасының қатысушысы болып табылады. Хромтау орталық аудандық ауруханасының базасында озық тәжірибе жинау мақсатында дәрігерлерді және орта медициналық қызметкерлерді каскадты оқыту жүргізіледі. Орталық аудандық ауруханасы - облыстағы ең үздік аурухана ретінде танылды, 2009 жылы облыс әкімшілігі ұйымдастырған облыстық «Шапағат» конкурсында жүлделі бірінші орын алып, «Үздік аурухана», «Никельтау – үздік медициналық пункт» атақтарын жеңіп алды.

 

В Хромтаускую ЦРБ требуются : хирург, акушер-гинеколог, онколог, маммолог, травматолог, рентгенолог, врач УЗИ ,фельдшер- лаборант. Оплата при собеседовании . контактные телефоны: 8 771 229 75 64 , 8 702 492 49 77 ,8 775 601 07 07

Обслуживание сайта IT Group Kazakhstan

© Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Хромтау орталық аудандық ауруханасы»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны