Менің блогымда сізді көргеніме қуаныштымын!
Құрметті сайт қонақтары!
Біздің сайттың беттерінен сіздер аурухананың тарихымен таныса аласыздар, көрсетілетін қызметтер туралы, әртүрлі аурулардың алдын алу мен емдеудің тиімді әдістері туралы ақпарат таба аласыздар; сондай-ақ пациенттердің құқықтарын реттейтін мәліметтермен таныса аласыздар.
Біздің аурухана үнемі дамып келеді: медициналық қызметтердің тізімін кеңейтіп, сапасын арттыруда, медициналық кадрлардың білімін жетілдіру және біліктілігін арттырумен айналысады, сонымен қатар заманауи диагностикалық және емдеу жабдықтарын үнемі сатып алып отырады.
Хромтау аудандық ауруханасының ұжымы – өз ісінің нағыз мамандары мен шеберлерінен құралған біртұтас команда. Ауруханада жоғары білікті дәрігерлер адал еңбек етіп, заманауи тексеру және емдеу әдістерін меңгерген, біліктілігін арттырудан өткен мамандар жұмыс істейді.
Біздің мақсатымыз – сіздің денсаулығыңызды жақсарту.
Пациентке бағытталған қызмет көрсету, жоғары кәсібилік пен қамқор әрі құрметті көзқарас – біздің аудандық аурухана қызметкерлерінің басты жұмыс қағидасы.
Денсаулығыңызды күтіңіз және білікті медициналық көмек қажет болған жағдайда біз әрқашан сізге көмектесуге дайын екенімізге сеніңіз!!!
Құрметпен, «Хромтау аудандық ауруханасы» ШЖҚ ГКП бас дәрігері
Жаржанов Берік Қуандықұлы.

