Хромтау аудандық ауруханасында жақында ғана ашылған “ҚР Еңбек ері” Қалихан Есбосынұлының ескерткіш тақтасына тағзым етіп Облыстық Ауған соғысы ардагерлерінің Ассоциациясы ҚБ төрағасы Қойлыбаев Марат Айтуғанұлы, Сатов Бақытжан Сейітқалиұлы «Ақтөбе облысының «Чернобыль мүгедектері» ҚБ төрағасы, Кужбанов Әділжан Төлегенұлы Хромтау аудандық ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы келді.
Ел басына күн туғанда, өз өмірін қатерге тігіп ел-жұрттың денсаулығы үшін күрескен азаматымыздың игі істерін үлге ете отырып, ортамыздан ерте кеткеніне қимастықтарын айта кетті.