9 қазан, жұма күні аудан әкімі Нағымжан Алдияров аудандық ауруханада болып, адам жанының арашасы болып, тынбай еңбек етіп жүрген дәрігерлермен кездесіп, Жарас Құрманиязовты «Халық алғысы» медалімен марапаттады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпті вирустың кең тарап кетпеуі үшін еңбек еткен дәрігерлердің ерең еңбегін үнемі баса айтады. Дәрігерлеріміз табанды еңбектерінің арқасында қаншама адамның өмірін сақтап қалды. Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барын салып, індетке қарсы күресу – нағыз ерліктің көрінісі. Сондай азаматтарға, бүгінгі күннің шынайы батырларына Халқымыздың алғысы шексіз»,-деп атап өтті аудан басшысы.
Халықтың денсаулығы үшін аянып қалмайтын ақ халатты абзал жандардың барлығына алғысын білдірді.
Медаль « Халық Алғысы » – знак благодарности народа
Врач Жарас Курманиязов награжден медалью «Халық алғысы».
В пятницу, 9 октября, аким Хромтауского района Нагымжан Алдияров посетил районную больницу, встретился с медицинскими работниками. От имени Президента Республики Казахстан К.Токаева аким района вручил врачу Жарасу Ергалиевичу Курманиязову медаль «Халық алғысы». Он выразил благодарность за профессионализм , активную жизненную позицию , самоотверженность в борьбе против COVID-19.
«Глава государства Касым-Жомарт Токаев постоянно подчеркивает труд врачей, которые трудились, чтобы не дать распространиться опасному вирусу. Борьба с пандемией, в которой вы приняли активное участие, стала проявлением настоящего патриотизма. Мы благодарны нашим истинным героям» – отметил Нагымжан Алдияров.