Хромтау аудандық ауруханасының ерікті жастары халық көп шоғырланатын орындарда коронавирусты инфекцияның алдын алу мақсатында тұрғындарға ақпараттық бүктемелер таратты.
Айта кетейік, коронавирусты инфекция көп адамдарда симптомсыз тіркеліп отыр.
Ол қоғам үшін өте қауіпті. Иммунитеті әлсіз, онкологиялық, созылмалы аурулары бар науқастар үшін жұқтыру қаупі жоғары.
Сондықтан әр тұрғын өзі үшін ғана емес, жақындары үшін де барлық санитарлық талаптарды орындаса екен. Ерікті жастар тұрғындарды
1.маңызды себептерсіз үйден шықпауға;
2.адамдар көп жиналатын орындарға бармауға;
3.қолды ұзақтығы 30 секундтан кем емес сабынмен жиі жуып, антисептик қолдануға;
4.кезекте тұрғанда 2м арақашықтықты сақтауға; үйден шыққанда бетперделік тәртіпті сақтауға;
5.жөтелгенде,түшкіргенде мәдениетті сақтауға;
6.ауру белгілері байқалса дереу жедел жәрдем шақыруға үндейді.