Хромтау аудан әкімі Османғалиев Аязбай Қайырғалиұлы медициналық қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, бірқатар дәрігерлерге Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне арналған төсбелгілерін тақты. Аудандық мәслихат хатшысы Молдашев Дәурен Хайреденұлы медициналық қызметкерлердің денсаулық саласына қосқан үлесі үшін көптеген дәрігерлерді мақтау қағазымен марапаттады.
Аудан әкімі Османғалиев Аязбай Қайырғалиұлы I-II дәрежелі қатерлі ісікті анықтауға үлесін қосқаны үшін аудандық аурухананың қызметкерлері – дәрігер-онколог Ж.И.Жанбуринге, Сарысай медициналық пунктінің медбикесі Достанова Ақмаралға, №13 дәрігерлік участкесінің медбикесі Джумагалиева Бахыт және №6 дәрігерлік участкесінің медбикесі Мурзатаева Зейнегүлге 50 мың теңге сертификатын табыстады.
Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, Хромтау аудандық ауруханасының бірнеше қызметкерлері Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасында арнайы марапатталды. Олар:
Хромтау аудандық ауруханасының мейіргері Кувайцева Александра Григорьевна Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды;
Хромтау аудандық ауруханасының мейіргері Жаксылыкова Любовь Амановна Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды;
Хромтау аудандық ауруханасының дәрігері Узганов Куаныш Убаевич Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.