«Салют победе!» акциясы бойынша Хромтау аудандық орталық ауруханасымен Третьяк Степан Андреевич Ұлы Отан Соғыс ардагерімен кездесу ұйымдастырылды.
Үй карсаңда бізді төсі орденге толған ақшашты, жарқын жүзді ардагер ата қарсы алды. Ата қонақжайлылығын көрсетіп бізді өз әңгімесіне тарты. Степан Андреевич Хромтау ауданының Матвеека ауылында 12 шілде 1924 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан Соғысының сынықтың уақытында 1942 жылы Степан Андреевич Чкалова қаласына( қазіргі Оренбург) майданға деген шақыр- реттегіш пунктқа, одан 6 ай өткен соң Курсктің доғасына жіберілді. Шайқас кезінде ол жарақат алды, Липецк қаласының госпиталінде болып, содан кейін Ершова ст. қоныс аудартты. Дәрігерлер жарақат алған қолын кесіп алып тастауға бел буды, алайда ардагердің жерлесі болып шыққан медбике, қолын аман алып қалуға бар күшін салды. Бұл жайт біздің ардагер атамыздың өмірінде өте жарқын әсер қалдырды.
Степан Андреевич соғыстан үйге оралған адамдардың бірі. Алған жарақаттар ардагерге еңбек етуге кедергі болмады. Еңбек стажы 45 жыл.
Третьяк Степан Андреевич үлкен мақтанышпен балармен немерелерінің жетістіктерін айтып мәз болды. Ардагеріміздің қызы, Людмила Степановна 40 жыл еңбек стажімен Хромтау аудандық ауруханасында емхананың аға медбикесі болып жұмыс жасаған. Ол біздің ауруханамыздың үздік кызметкерлерінің бірі болып саналады. Степан Андреевичтің немересі Карцева Наталья 12 жыл бойы медбике болып біздің емханада қызмет еткен.
Біздің ата ардагеріміз балалайка музыкалық аспапта ойнайды, ән айтып, өлең жазады.
«Болашағымыз жарқын болсын! Бейбіт өмір кешейік!» – деп ардагер ата әңгімесін аяқтады.
Бас медбике Рыбакова В.В.
СӨСқ кабинетінің дәрігерлері Құлышова Г.К., Аманбаева М.М.