2020 жылдың 30 қазанында Хромтау ауданының Сарсай ауылында бір ауысымда 30 адам қабылдайтын жаңа медициналық пункт ғимараты пайдалануға берілді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында Республикалық бюджет қаржысынан бой көтерген жаңа медпункттің салтанатты ашылуына аудан әкімінің орынбасары М.О. Қосымбаева , Хромтау аудандық аурухананың бас дәрігері Алимжанов А.А. қатысты.
– Қызылсу ауылдық округінің орталығы Сарысай елді мекенінде ел игілігіне беріліп отырған жаңа медициналық ғимарат мемлекеттік бағдарлама аясында салынды. Бұл халық денсаулығының кепілі. Осындай күрделі кезенге қарамастан халық игілігіне берілген нысан ауыл тұрғындары үшін талмай қызмет жасайды деп сенім білдіремін,-деген аудан әкімінің орынбасары Меткүл Қосымбаева .
Жаңа медициналық ғимарат 30 адамға шақталған. Республикалық бюджеттен 51млн 234,34 мың теңгеге құрылысты «Техно.С» ЖШС мердігер ұйымы жүргізді.
Жаңа ғимараттың іске қосылуымен ауыл тұрғындарында сапалы медициналық қызмет алу мүмкіндігі пайда болады.