16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Хромтау аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында салтанатты кеш өткізілді.
Бас дәрігер Ж.Б.Қамбаров аурухана қызметкерлерін айтулы мерекесімен құттықтап, алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар, бас дәрігердің орынбасары Л.С.Волненко және кәсіподақ ұйымының төрайымы З.Б.Жаманшина сөз сойледі. Одан әрі кеш концерттік бағдарламамен ұласты.