2017 жылдың 30 мамыр күні Хромтау орталық аудандық ауруханасы мен дәрігерлік амбулаториялар, медициналық пункттердің қызметкерлеріне арналған Қазақсатан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығын және ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінің №1 шешімі туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында семинар ұйымдастырылып, өткізілді.
Семинарда Ақтөбе Облыстық Денсаулық Сақтау Басқармасының кеңесші заңгері Маулетова Ақтолқын Онербековна баяндама жасады.
Баяндамашы кеңесші зангер А.О.Маулетова Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тұрғылықты нығайту, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған саяси жүйені жаңғырту міндеті туралы айтты. Ахуалды мәселеге айналып отырған қауіпті әлеуметтік құбылыс – сыбайлас жемқорлық туралы, оның алдын алу жолдары туралы сөз етті. 2001жылдан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатырған мемлекеттік бағдарламалар туралы да мәлемет берілді.
2015 жылғы 18 қарашадағы» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» қолданысқа енген Заңы мен «100 нақты қадам» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі жемқорлықпен күрес туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға Ақтөбе Облыстық Денсаулық Сақтау Басқармасының кеңесші заңгері А.О.Маулетова толық мәлеметтер берді.
Сонымен қатар, семинар қатысушыларын мемлекеттік қызметшілер тарапынан заңнамалар сақталмаған жағдайда сол мекеменің сенім телефондарына немесе министрлікке хабарласу құқығының бар екені туралы айтылды. Жемқорлықпен күрестің нәтижелі болуы үшін сенім телефондары, мекеме сайты, бірінші басшы блогы, оның жеке қабылдауының қажетті деңгейде жүргізілуі шарт екендігі мәлімдеді.