2017 жылдың 9 қыркүйек күні ШЖҚ «Хромтау ортылық аудандық ауруханасы » МКК мен «Хромтау жастар ресурстық орталығы» КММ –нің мамандарының ұйымдастыруымен белсенді өмір салтын ұстануға, бұқара халықтың, қоғамның назарын аудару мақсатында Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығына орайластырылған «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызды!» атты ұранымен «Денсаулық фестивалі – 2017» кең ауқымды акциясы өткізілді. Фестивальге №2 Хромтау гимназиясы, №6 Хромтау гимназиясы, №3 Хромтау орта мектебі, №8 «Тұлпар» мектепке дейінгі ұйымы және Хромтау орталық аудандық ауруханасы қатысты.
Әр мекемеден бір жас отбасылар арасында жаттығу,спорттық жүгіру, тренинг, концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өткізілді. Акция аясында «Дәрумендер бұрышы» ұйымдастырылып, балаларға жеміс-жидектер мен дәрумендер таратылы.Жеңіске жеткен отбасыларға сыйлықтар беріліп,марапатталды.
Сонымен қатар, қатысқан отбасыларға белсенділік танытып қатысқанына алғыс айтылып, сыйлықтар табысталды. Акция соңында барлық қатысушылар және тұрғындар өз тілектерін жазып «Денсаулық» талына байлады.