Күздің алғашқы күнімен келген Құрбан айт мерекесі аудан көлемінде кеңінен тойланды. Хромтау аудандық Нұр мешітінің алдында киіз үйлер тігіліп, Айт намазынан соң Құрбан айт мерекесін тойлауға келген халыққа арналып дастархан жайылды. Сондай - ақ қазақша күрес , арқан тартыс, қошқар көтеру,гір көтеру, асық ату,қол күрес исяқты спорт түрлері ұлықталып, спорттық ойындар мереке сәнін кіргізді. Сонымен қатар, бұл күні Хромтау орталық аудандық аурухана ұжымымен Жаратушы иеміздің разылығы үшін құрбандық шалып, таратылды және ем қабылдап жатқан науқастарға дастархан жайылды.