Ақтөбе облысы отырысының көшпелі отырысы Хромтау ауданында өтті. Соған орай аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев бастаған облыстық басқарма басшылары мен облыс көлеміндегі барлық аудан әкімдері Хромтау ауданында арнайы жұмыс сапарымен болып, Аудандық аурухананың биылғы жылы ашылған гемодиализ бөлімінің жұмысын қарап, ауданаралық травматологиялық бөлімін ашу бағытындағы ұйымдастырылып жатқан жұмыстармен танысты.
Аудандық орталық аурухана ашылған гемодиализ орталығы облыс аудандарының ішінде алғаш Хромтауда ашылған болатын. Қазір Хромтау қаласы бойынша 13 адам тіркеуде тұр. Бұрын науқастар аптасына 3 рет ем алу үшін облысқа баратн болса, енді Хромтаудың өзінде тиісті ем-домын қабылдауда.
Алдағы уақытта көршілес Әйтеке би және Ырғыз аудандарындағы науқастарды қабылдау жоспарлануда. Сонымен қатар, Аудандық орталық ауруханамызда ауданаралық травматологиялық бөлімін ашу бағытындағы ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.